2.6.1. Егер теннис матчы үзілсе, оған арналған ставкалар осы матч өткізілген шектегі турнир аяқталғанға дейін, матч ойнап аяқталғанша немесе қатысушылардың біреуі бас тартқанша, күшінде қалады.

2.6.2. Теннис матчтарын жаңбырдан ауыстыру жағдайында оларға арналған ставкалар жарамды деп саналады және матчтар нақты аяқталғаннан кейін есептелінеді.

2.6.3. Матчты ойнап аяқтамаған (кез келген себептен) ойыншыға барлық қалған сеттерде және геймдерде ұтылыс есептелінеді. Мысалы: егер «А» ойыншысы бессеттік ойында «Б» ойыншысынан 2:0(6:0 6:0) есебімен ұтса, және «А» ойыншысы матчты ойнап аяқтамаса, онда оған 2:3(6:0 6:0 0:6 0:6 0:6) есебімен жеңіліс есепке алынады, және есептеу 2:3(12:18) нәтижесі бойынша жасалынады. Ойыншылардың көрсеткіштеріне (эйстерге, қосарлы қателерге және т.б.) арналған ставкалар матч тоқтатылған сәтке қарай нәтижесі бойынша есептеледі. Егер шешуші сет супер-тайбрейктің ережелері бойынша (10 ұтқан ұпайға дейін) ойналатын жағдайда, онда мұндай сеттің есебі ондағы ойнатылған ұпайлардың саны бойынша анықталады. Мысалы, 2:1 (3:6 7:6 10:8), мачтың геймдер бойынша нәтижесі 20-20 болады.

2.6.4. Нақты сеттерге немесе геймдерге ставкалар қайтарылуға тиіс, егер сетте немесе геймде бірде-бір ұпай ойнатылмаған болса.

2.6.5. Матчта сеттердің көрсетілген саны дұрыс емес жағдайында геймдердің санына және фораға арналған ставкалар қайтарылуға тиіс. Матчтың қорытындысына арналған ставка жарамды деп саналады және қайтарылуға тиісті емес.

2.6.6. Қандай болса да турнирдің төсемінің дұрыс емес немесе дәл емес типі ставканы жою үшін негіз болып қызмет ете алмайды.

МЫСАЛ::

N Күні Оқиға п1 п2 Фора1 КФ1 Фора2 КФ2 Тотал Б М 2:0 2:1 0:2 1:2
33 08/06 16:00 Сампрас-Рафтер 1.6 2.0 -2.5 1.8 +2.5 1.8 22.5 1.8 1.8 2.4 3.4 3.6 3.7

Теннис матчының қорытындысына ставкалардың келесі түрлерін жасауға болады:

  • Матчта бірінші қатысушының жеңісі (Желіде «ж1» бағаны);
  • матчта екінші қатысушының жеңісі (Желіде «ж2» бағаны);
  • матчта бірінші қатысушының фораны есепке алумен геймдер бойынша жеңісі (Желіде «Фора1» бағанында фора, «КФ1» бағанында ұтыс коэффициенті көрсетілген);
  • матчта екінші қатысушының фораны есепке алумен геймдер бойынша жеңісі (Желіде «Фора2» бағанында фора, «КФ2» бағанында ұтыс коэффициенті көрсетілген);
  • матчтағы геймдердің жалпы саны көрсетілген саннан көп (Желінің «Тотал» бағанында геймдердің жалпы саны, ал «Көп» бағанында ұтыс коэффициенті көрсетілген);
  • матчтағы геймдердің жалпы саны көрсетілген саннан кем (Желінің «Тотал» бағанында геймдердің жалпы саны, ал «Кем» бағанында ұтыс коэффициенті көрсетілген);
  • теннис матчының нақты есебіне арналған ставка (барлық ойнап аяқталмаған сеттер мен геймдер жеңімпаздың пайдасына есепке алынады).