4.2.1. «Спорттық суперэкспреске» арналған ставкалар «ГОЛ+ПАС» букмекерлік кеңсесінің ставкалар қабылдау ережелері бойынша қабылданады, осы бөлімнің ставкаларын қабылдау үшін жеке ережелер ««Спорттық суперэкспрестің сипаттамасы»» бөлімінде орналастырылған.

Толығырақ ережелерді «Спорттық суперэкспрестің сипаттамасы» бетінен оқыңыз.

4.2.2. Спорттық суперэкспресс – бұл ойынның түрі, мұнда кеңсемен ұсынылатын 15 белгіленген оқиғаларға, «1» (1-ші команданың жеңісі), «Х» (тең ойын) және «2» (2-ші команданың жеңісі) белгілерімен белгіленеді. Нұсқа деп 15 нәтижелерден – әр оқиғаға бір-бірден жинақ саналады. Әр оқиғада ойыншы бірден үшке дейін мүмкін нәтижелерді таңдай алады, бұл ретте 15 нәтижеден алынғанның әрқайсысы төленеді және жеке-жеке есептелінеді. Спорттық суперэкспресс – букмекерлік кеңседегі ставкалардың түрі, мұнда бәстің қатысушысы ойын бизнесінің ұйымдастырушысына қарсы ойнайды.

4.2.3. «Спорттық суперэкспресс» ойынындағы ұтыс жүлде қорынан төленеді, ол ағымдағы тиражда жасалған ставкалардың қосындысынан 90%-дан кем еместі құрайды және кеңсенің алған пайдасынан, немесе ойын бизнесінің ұйымдастырушысымен өз қаражаттарынан қалыптасады. 9 және одан көп нәтижелер дұрыс табылған нұсқалар ұтады. Дұрыс табылған нұсқаларға:

  • 15 нәтижелермен 5% жүлде қоры бөлінеді;
  • 15 немесе 14 нәтижелермен 5% жүлде қоры бөлінеді;
  • 15,14,13 нәтижелермен – 5%;
  • 15,14,13,12 нәтижелермен – 5%;
  • 15,14,13,12 немесе 11 нәтижелермен – 10%;
  • 15,14,13,12,11 немесе 10 нәтижелермен – 20%;
  • 15,14,13,12,11,10 немесе 9 нәтижелермен 40% жүлде қоры бөлінеді. Әр нұсқаға ұтыс ұтыстық коэффициентті ставканың сомасына көбейту жолымен анықталады, бұл ретте ставканың ұтыстық коэффициенті осы категорияның жүлде қорын дұрыс табылған нұсқалардың ставкалар сомасына бөлумен анықталады. Егер ағымдағы тиражда нұсқалардың біреуі де бес категориялардың қандай болса да біреуінде нәтижелердің қажетті санын таппаса, онда осы категорияның бүкіл жүлде қоры келесі тираждың жинақтаушы джекпотына ауыстырылады. Букмекерік контораның өз қаражаттарынан джекпотты ұлғайтуға құқығы бар.

4.2.4. Джекпот – 15 матчтың нәтижелері табылған ставкалардың арасында, осы ставкалардың шамасына пропорционалды (яғни ставканың сомасы неғұрлым көп болса, соғұрлым ұтыс көп болады) үлестірілетін қосымша ұтыс. Ол, бір немесе одан көп ұтыстық категориялар ойнатылған, яғни ең жақсы ставкада 15-тен кем (14, 13, 12, 11, 10, 9) оқиғалар табылған, алдыңғы «Спорттық суперэкспресс» ұтыс ойындарынан қалыптасады. Джекпот ойнатылмайды және, қатысушылардың әлдебіреуі барлық 15 матчтың нәтижелерін таппайынша, ойыннан ойынға қарай ұлғая береді.

4.2.5. Егер оқиғалардың қандайы болса да үзілсе немесе өткізілмесе, онда осы оқиғаның нәтижесі есептеу үшін букмекерлік кеңсе ережелерінің 5.3-тармағына сәйкес анықталады. Егер оқиға өткізілмеген деп танылса, онда ставкалардың барлық нұсқаларында осындай оқиғаның барлық нәтижелері ұтысты деп саналады. Оқиғалар өткізілмеген жағдайда джекпоттың үлестірілуі: 1 оқиға өткізілмеді – джекпоттың 35%-ы үлестіріледі, 2 оқиға өткізілмеді – джекпоттың 20%-ы үлестіріледі, 3 оқиға өткізілмеді – джекпоттың 10%-ы үлестіріледі. Егер тиражда төрт және одан көп оқиға өткізілмесе, онда тираж ойнатылмаған деп саналады, және барлық ставкалардың сомасы ойыншыларға қайтарылады.

4.2.6. «Спорттық суперэкспресс» ойындарында бонустар қолданылады: «Гол+Пас» букмекерлік кеңсесі ең ірі түбіртекке түбіртектің сомасынан 20%, максималды ұтылғанға – түбіртектің сомасынан 30% төлейді. Егер түбіртектер қос өлшемдерге сәйкесетін болса, онда бонустар қосындыланады. Бонустар 229-тираждан бастап қолданыста болады.

4.2.7. Ставкалар оқиғалардың біріншісінің басталуына дейін қабылданады. Оқиғалардың басталуынан кейін жасалған ставкалар қайтарылады және жүлде қорын үлестіруде қатыспайды.