2.12.1. Матчтар партиялардың, геймдердің, фреймдердің және т.б. бекітілген санының негізінде өткізілетін волейбол, биатлон, снукер, бильярд, дартс және спорттың өзге түрлері. Егер қатысушылардың біреуі матчты ойнап аяқтамаса (кез келген себептен), барлық қалған партияларда оған жеңіліс есепке алынады.

2.12.2. Велоспорт. Жеке кезеңдерге арналған ставкалар кезеңнің нақты стартынан кейін желіде көрсетілген уақытқа дейін, бірақ кезеңнің жеңімпазы мәреге жеткенге дейін 1 сағаттан кеш емес қабылданады.

2.12.3. Гандбол, футзал, судағы поло, регби тек қана матчтың негізгі уақытын есепке алумен қабылданады.

2.12.4. ТВ-шоу. Ойынның немесе дауыс берудің қорытындысы өзгертілген кезде (жүргізушілер, қатысушылардың өздері және т.б.) есептеу үшін бастапқы нәтижелер ескеріледі.

2.12.5. BETGAMESTV СТАВКАЛАРЫ

2.12.5.1 BetgamesTV – бұл іс-жүзіндегі уақыт режимінде өтетін және интернет арқылы on-line трансляцияланатын, алдын ала белгісіз нәтижелерімен алдағы іс-жүзіндегі оқиғалар.

2.12.5.2 BetgamesTV ставкалары бәс түрі болып табылады, мұнда Бәс қатысушысы Букмекерлік кеңсе де, Бәс қатысушысы да қатыспайтын оқиғаларға ставка жасай алады. BetgamesTV оқиғалары шетел компаниясымен (ұйымдастырушысымен) ұйымдастырылады және өткізіледі. Букмекерлік кеңсе тек осы оқиғалардың тікелей трансляциясын ұсынады, сондай-ақ Бәс қатысушыларына ставкаларды жасау үшін қорытындылар түрлерін және оларға арналған коэффициенттерді өз бетімен ұсынады.

2.12.5.3 BetgamesTV ставкалары қолданыстағы Ставкаларды қабылдау ережелерінің негізінде қабылданады және есептеледі.

2.12.5.4 BetgamesTV өзіне келесі оқиғаларға арналған ставкаларды қабылдайды:

а) Bet42 – негізінде лототронға салынған 42 кішкене шарлары (қара және сары түсті) бар классикалық оқиға, олардың 7-уі кездейсоқ түрде таңдалынады және лототронмен жалғанған түтікке (науаға) түседі. б) Bet36 – негізінде лототронға салынған 36 кішкене шарлары (ақ, жасыл, көк және қызыл түсті) бар динамикалық оқиға, олардың 5-уі кездейсоқ түрде таңдалынады және лототронмен жалғанған цилиндрлерге түседі. Шеткі сол жақ цилиндр бірінші, шеткі оң жақ – соңғы болып саналады. Цилиндрлердің толатын реті нәтижеге әсер етпейді. в) Ойын тастары – әлемде ұқсастығы жоқ бірегей оқиға. 1-ден 6-ға дейін санымен 6 қыры бар болатын 5 ойын тастары лақтырылады. Оқиғаның нәтижесі – бұл бес ойын тастарының комбинациясы, ол ойын тастарын үстелге лақтырғаннан кейін әр ойын тасының жоғарғы жағындағы сандар – ұпайлар бойынша анықталады.
г) Фортуна дөңгелегі – өте жылдам және қарапайым оқиға, оның негізінде дөңгелекті еске салатын, шыр айналатын құрылғы. Нәтижесі – бұл дөңгелек тоқтағаннан кейін көрсеткіш-нұсқар тоқтаған сектордың нөмірі немесе таңбасы. д) Карталар 1 – жүрісімен және ережелерімен Техас холдеміне (Texas Hold'em) өте ұқсас оқиға. Оқиғаның мақсаты – жеті картаның: бесеуі ортақ және екеуі өзінің, кез келген бесеуін үйлестіре отырып, ең жақсы комбинацияны құру. Өзінің екі, бір немесе біреуінде емес картасын пайдалануға болады. е) Карталар 2 – жүрісімен және ережелерімен әйгілі «Baccarat» (немесе «Punto Banco») ойынынан мүлдем дерлік айырмашылығы жоқ оқиға. Оқиғаның мақсаты – барлық карталар таратылғаннан кейін 9 (тоғызға) максималды жақын (немесе тең) болатын ұпайлардың жалпы санын жинау.

2.12.5.5 Оқиғалар, студиядағы техникалық мәселелер немесе жүргізушінің қателері сияқты, техникалық себептерден жойылуы мүмкін. Мұндай оқиғаларға арналған ставкалар жарамсыз деп саналады және Бәс қатысушыларына қайтарылады.

2.12.5.6 Егер трансляция кезінде дауысы жоқ болса немесе жүргізуші дұрыс емес ұтыс комбинациясын жарияласа, дұрыс нәтижелер тікелей трансляцияны жазып алу жолымен анықталады.

2.12.5.7 Егер Бәс қатысушысы өзінің тарапынан техникалық ақаулардан (Интернетке қосылу, электр желісі жоқ болса және т.б.) тікелей трансляцияны көре алмаса, бірақ бұл трансляцияның жазбасын мұрағаттан табылатын болса, оқиға (сәйкес нәтижелермен) өткізілді және орын алды деп саналады.

2.12.5.8 Ұйымдастырушының трансляцияның уақыты мен ұзақтығын өзгертуге құқығы бар.

2.12.5.9 Оқиғалардың нәтижелері ұйымдастырушымен Букмекерлік кеңседен тәуелсіз қалыптастырылады және ресми сайтта қолжетімді болады.

2.12.5.10 Бәс қатысушысы ставканы таңдаудың дұрыстығына жауапты болады. BetgamesTV ставкалары түзетілмейді және жойылмайды.