1.4. Ставкалардың типтері және комбинациялары
1.4.1. «Гол+Пас» букмекерлік кеңсесі ставкалардың әртүрлі типтерін қабылдайды. Ставкалардың келесідей типтері ажыратылады: «дара», «экспресс» және «жүйе».
Дара ставка — бір оқиғаның қорытындысын болжауды талап ететін ставка
1.4.2. Дара ставка — тек қана бір оқиғаның қорытындысын болжап шешу талап етілетін ставка. Дара ставкалар кез келген оқиғаға қабылданады. Дара ставкалар бойынша ұтыс ставканың ұтыс коэффициентіне көбейтілген сомасына тең.
Экспресс – біруақытта біреуден көп оқиғаның қорытындысын болжауды талап ететін ставка
1.4.3. Экспресс — біруақытта біреуден көп оқиғаның қорытындысын болжап шешу талап етілетін ставка (экспрестегі оқиғалардың максималды саны – 30). Егер экспресте кем дегенде бір оқиға дұрыс табылмаған жағдайда, бүкіл экспресс ұтылған болып саналады. Экспреске спорттың кез келген түрлерінің кез келген оқиғалар комбинациясын қосуға болады. Экспреске тәуелді оқиғаларды қосуға болмайды: бір оқиға экспресте бір реттен артық қатыса алмайды, экспресте матчтың нәтижесін және осы матчқа қатысатын командаға арналған ставканы (мысалы, келесі айналымға өту және т.б.) байланыстыруға болмайды. Егер экспресте тәуелді оқиғалар болып қалса, онда есептеу мақсаты үшін олардың тек қана біреуі, ең үлкен коэффициентке ие болатыны қалдырылады. Экспрестің ұтыс коэффициенті экспреске кіретін барлық оқиғалардың ұтыс коэффициенттерін көбейту жолымен есептеледі. Экспрестер бойынша ұтыс экспрестің ұтыс коэффициентіне көбейтілген ставканың сомасына тең.
«Жүйе» типті ставкалар туралы толығырақ ақпаратты сіз «Көмек» бөлімінен таба аласыз.
Букмекерлік кеңселерде экспрестердің белгілі түрлеріне бонустар қолданылады, олармен «Қосымшалар және бонустар» бөлімінде танысуға болады.
Жүйе — оқиғалардың алдын ала белгіленген санынан берілген өлшемдегі экспрестердің толық комбинациясы
1.4.4. Жүйе — оқиғалардың алдын ала белгіленген санынан берілген өлшемдегі экспрестердің толық комбинациясы (жүйедегі оқиғалардың максималды саны – 16). Жүйедегі әр комбинация жеке экспресс ретінде есептеледі.
«Жүйе» ставкасының мысалын сіз «Көмек» бөлімінен таба аласыз.
Экспрестер жүйелері түрлерінің кестесі
ЖҮЙЕНІҢ ТҮРІ | Нұсқалар саны | Минималды ставка (теңге) |
---|---|---|
ЖҮЙЕНІҢ ТҮРІ2/3 | Нұсқалар саны3 | Минималды ставка (теңге)90 |
ЖҮЙЕНІҢ ТҮРІ2/4 | Нұсқалар саны6 | Минималды ставка (теңге)90 |
ЖҮЙЕНІҢ ТҮРІ2/5 | Нұсқалар саны10 | Минималды ставка (теңге)90 |
ЖҮЙЕНІҢ ТҮРІ2/6 | Нұсқалар саны15 | Минималды ставка (теңге)90 |
ЖҮЙЕНІҢ ТҮРІ2/7 | Нұсқалар саны21 | Минималды ставка (теңге)105 |
ЖҮЙЕНІҢ ТҮРІ2/8 | Нұсқалар саны28 | Минималды ставка (теңге)140 |
ЖҮЙЕНІҢ ТҮРІ2/9 | Нұсқалар саны36 | Минималды ставка (теңге)180 |
ЖҮЙЕНІҢ ТҮРІ2/10 | Нұсқалар саны45 | Минималды ставка (теңге)225 |
ЖҮЙЕНІҢ ТҮРІ2/11 | Нұсқалар саны55 | Минималды ставка (теңге)275 |
ЖҮЙЕНІҢ ТҮРІ2/12 | Нұсқалар саны66 | Минималды ставка (теңге)330 |
ЖҮЙЕНІҢ ТҮРІ2/13 | Нұсқалар саны78 | Минималды ставка (теңге)390 |
ЖҮЙЕНІҢ ТҮРІ2/14 | Нұсқалар саны91 | Минималды ставка (теңге)455 |
ЖҮЙЕНІҢ ТҮРІ2/15 | Нұсқалар саны105 | Минималды ставка (теңге)525 |
ЖҮЙЕНІҢ ТҮРІ2/16 | Нұсқалар саны120 | Минималды ставка (теңге)600 |
«Жүйе» типті ставкалар туралы толығырақ ақпаратты сіз «Көмек» бөлімінен таба аласыз немесе Калькуляторды пайдалана аласыз.