Дара ставка – Ставкалардың ең кең таралған түрлерінің бірі. Бірақ көптеген ойыншыларда тәжірибесі жинақталуына қарай ставкалардың көбірек санын жасауға ықыласы пайда болады да, бұл ретте өзінің ұтыстарын коэффициенттерді жоғарылату есебінен ұлғайтып отырады.

Бұл үшін экспрестерге комбинациялай отырып, бірнеше ставкаларды пайдалануға болады. Экспресс – бұл біруақытта әртүрлі оқиғалардың бірнеше нәтижелеріне жасалған ставка (экспрестегі оқиғалардың максималды саны — 30). Осылайша, екі немесе одан көп оқиғалардың нәтижесіне (мысалы, екі әртүрлі футбол матчына) ставка жасайтын болсаңыз, сіз оларды «экспреске» біріктіре аласыз.

Экспресс ставкасын жасау үшін қандай ставкаларды комбинациялауға болады? Спорттың ең алуан түрлеріне ұсынылатын ставкалардың көпшілігін экспреске еркін біріктіруге болады. Экспреске бір-біріне байланысты болатын оқиғаларды, қағида бойынша, бұл бір ойыннан алынған оқиғаларды біріктіруге болмайды.

Экспресс бойынша ұтыс үшін экспреске кіретін нәтижелердің біреуінде де ұтылыстың болмағаны қажет. Экспрестің нәтижелерінің біреуі бойынша ұтылыс бүкіл экспрестің ұтылысын білдіреді. Экспресс бойынша ұтыс ставканың сомасын экспреске кіретін нәтижелердің ойнаған коэффициенттеріне көбейтіндісіне тең (Егер экспреске кіретін ставкалардың біреуі бойынша қайтару болса, онда ол бойынша коэффициент 1-ге теңестіріледі). Экспрестердің жеке түрлері бойынша бонустар есептелінеді.

«Экспрестегі» жалпы коэффициент барлық нәтижелерді көбейту арқылы есептелінеді. «Экспресс» ставкасы тек қана, егер барлық болжамдар дұрыс болған жағдайда, ұтатындығына назар аударыңыз.

Ставкаларды экспреске біріктіру үшін ставкалар желісінде, сіздің ойыңызша, ойнайды деген коэффициенттерді таңдап, бұдан әрі «экспресс» қосымшасын таңдап, содан кейін ставканың сомасын сәйкес жолға енгізу және одан кейін «Ставканы рәсімдеуді» басу керек.

Мысалы: «Экспресс» типті ставканы жасау үшін, сіздің пікіріңізше, орындалады деген кем дегенде екі оқиғаны таңдап алу керек. Ыңғайлық үшін спорттық жарыстың қатысушыларының біреуінің жеңісіне қарапайым ставкаларды алайық.

Польша Чехияны, ал Литва Италияны ұтады деп жорамалдайық. Сәйкес коэффициенттерді таңдаймыз: Польша-Литва ж1, коэффициенті 1.35, Италия-Литва, ж2, коэффициенті - 1.71.

Ставкаларды таңдағаннан және оларды экспреске біріктіргеннен кейін, ставка бойынша коэффициент 1.35*1.71 = 2.31 болады.

Егер командалардың әрқайсына 100 теңгеден дара ставкаларды жасаса, онда ұтыс келесі нәтижелерден жинақталады: 100 * 1.35 = 135 (таза ұтыс – 35) + 100*1.71 = 171 (таза ұтыс – 71). Жиынында таза ұтыс: 106.

Ал «Экспресс» ставкасының жағдайында, жалпы ұтыс - 200*2.31=426, таза ұтыс – 226 болады. Осылайша, ставкалардың сомасы және экспреске біріктірілген оқиғалардың саны неғұрлым көп болса, сәйкес ұтыс соғұрлым көп болады. Бірақ сондай-ақ мұндай ставкалар кезінде тәуекел жоғарылайтынын ұмытпаңыз, өйткені экспресте ұту үшін барлық оқиғалардың орындалғаны қажет.

«Көмек бөліміне қайта оралу.