1.3.1. Нақты нәтижеге арналған ставкалар. Ставкаларды жеңіске, тең ойынға немесе жеңіліске жасауға болады, егер желіде сәйкес коэффициенттер көрсетілсе. Бірінші позицияда – бірінші команданың жеңісі («ж1»), екінші позицияда – тең ойынға берілетін коэффициент («Х»), үшінші позицияда – екінші команданың жеңісіне берілетін коэффициент («ж2»). Бұл жағдайда ставканың қорытындысы матчтың нақты нәтижесі болып табылады. Сондай-ақ 1-ші команда жеңілмейді («1X») немесе 2-ші команда жеңілмейді («Х2») деп ставка қоюға болады.

1.3.2. Фораны (гандикапты) есепке алумен матчтағы командалардың әрқайсының жеңісіне арналған ставкалар. Фора букмекерлік кеңсемен анықталады және оң, теріс немесе нөлге тең болуы мүмкін. Ставканың нәтижесін анықтау үшін ставка жасалынған команданың нақтылы соғылған голдарына таңдалған командаға арналған фора (екінші командаға арналған фора назарға алынбайды) алынады (егер фора кері болса) немесе қосылады (егер фора оң болса). Егер осыдан кейін матчтың нәтижесі таңдалған команданың пайдасына шешілсе, онда ставка ұтқан болып саналады. Тең нәтиже болған жағдайда – ставка қайтарылады. Мысалы, егер бірінші комадаға «-1» кері фора белгіленсе, және ойын келесідей аяқталса:

а) 0:0 есебімен, ставка ұтылды;

б) 1:0 есебімен, ставка қайтарылады;

в) 2:0, ставка ұтқан.

Ал егер «+0.5» оң форасы белгіленген болса және матч келесідей аяқталса:

а) 0:1 есебімен, ставка ұтылды;

б) 0:0 немесе 1:0 есебімен, ставка ұтқан.

Сондай-ақ «азиялық гандикап» типті ставкалар мүмкін – бұл 0.25-ке еселі (бірақ 0.5-ке еселі емес) форамен немесе тоталмен жасалған ставка. Толығырақ «азиялық гандикапты» есепке алу ставкаларында.

Нақ осы коэффициенттер «экспресс» немесе «жүйе» типті ставкаларды есептеулерде қабылданады.

1.3.3. Тоталға – матчтағы голдардың немесе ұпайлардың жалпы санына арналған ставка. Желіде осы ставкалар: «Т» (тотал), «Көп» (көп), «Кем» (кем) деп белгіленеді. Ставкалар желіде көрсетілген тоталдың мәніне көпке немесе кемге жасалынады. Тоталға дәл келген жағдайда – ставка қайтарылады.

1.3.4. Жарыстардағы жеңіске немесе жарыстардың келесі айналымына өтуге арналған ставкалар. Егер жарысқа жарияланған қатысушы қандай болса да себептен жарысты бастай алмаса, осы қатысушыға арналған ставкалар қайтарылуға тиіс. Егер екі немесе одан көп қатысушылар жарыстағы жеңісті бөліп алған жағдайда, олардың әрқайсына ұтыс, келесі формула бойынша есептелген, ұтыс коэффициентінің негізінде төленеді:

К=(Кисх−1)/N+1

мұндағы Кисх — қатысушыға арналған бастапқы коэффициент, N – жарыс жеңімпаздарының саны.

1.3.5. Матчтың нақты есебіне тайм-матчқа арналған ставкалар. «Тайм-матч» түріндегі ставкада бірінші таймның және бүкіл ойынның қорытындысын біруақытта табу керек. Желіде осы қорытындыларды белгілеу үшін бастапқы әріптерді пайдаланады: Ж – жеңіс, Т – тең ойын, бұл ретте 1-ші орынға 1-ші таймның, ал екіншіге – матчтың қорытындысы қойылады.

1.3.6. «Салыстыру» ставкалары.

Хоккейде және баскетболда, бір чемпионаттан, бірдей фораға және коэффициентке ие болатын екі команданы салыстыруға арналған ставкаларды жасауға болады («Жақсырақ»). Ставканың қорытындысы жинаған ұпайларының саны бойынша, ал олардың теңдігі кезінде – доптарының айырмасы бойынша анықталады. Бір чемпионаттың, бірдей тоталға және коэффициентке ие болатын, матчтарының салыстырмалы нәтижелілігіне ставка жасауға болады («Көбірек»). Командалардың бірдей өнер көрсеткен немесе матчтардың тең нәтижелілігі жағдайында ставка қайтарылады. Осы ставкалар бойынша ұтыс коэффициенті 1.8 құрайды.

Футболда, бір чемпионаттан, бірдей фораға және коэффициентке ие болатын екі команданы салыстыруға арналған ставкаларды жасауға болады («Жақсырақ» және «Нашар емес»). Ставканың қорытындысы жинаған ұпайларының саны бойынша, ал олардың теңдігі кезінде – доптарының айырмасы бойынша анықталады. Бір чемпионаттың, бірдей тоталға және коэффициентке ие болатын, матчтарының салыстырмалы нәтижелілігіне ставка жасауға болады («Көбірек» және «Кем емес»). Командалардың бірдей өнер көрсеткен немесе матчтардың тең нәтижелілігі жағдайында «Жақсырақ» және «Көбірек» ставкалары ұтылған, ал «Нашар емес» және «Кем емес» ставкалары ұтқан болып саналады. «Жақсырақ» және «Көбірек» ойындары бойынша ұтыс коэффициенті 2.0 құрайды, ал «Нашар емес» және «Кем емес» ойындары бойынша 1.45 құрайды.

1.3.7. Турдың немесе ойын күнінің статистикасына арналған ставкалар. Егер турда кем дегенде бір ойын өткізілмеген деп танылған (5.3-тармақтың өлшемдері бойынша) жағдайда, онда турдың статистикасына арналған ставкалар қайтарылуға тиіс, нәтижесі бір мағыналы анықталған ставкалардан басқа (мысалы, 0:0 тең ойын болады ма, барлық командалар соғады және т.б.). Букмекерлік кеңсе турдың басына дейін матчтардың біреуінің ойналмайтыны туралы сенімді ақпараттың пайда болуы жағдайында турдың немесе ойын күнінің статистикасына арналған ставкаларды қайтару туралы шешімді қабылдауға құқылы, ол туралы ойыншылар кеңсенің ресми нәтижелерінде хабарланады. Теннис матчтарының ойын күніне көрсеткіштерді есептеу үшін матчты ойнап бітірмеген (кез келген себептен) ойыншыға барлық қалған сеттерде және геймдерде жеңіліс есептелінеді. Статистикаға арналған ставкаларда қожайындар деп желіде бірінші орында көрсетілген командалар саналады.

Есептеудің келесі ережелері қолданыста болады:

«Ойыншы гол соқпайды/0.5 голдан кем»

Оқиға Қорытынды
Бастапқы құрамда шықты және гол соқпады ұтыс
Бастапқы құрамда шықты және гол соқты ұтылыс
Басқа ойыншыны алмастыруға шықты және гол соқпады қайтару
Басқа ойыншыны алмастыруға шықты және гол соқты ұтылыс


«Ойыншы гол соғады/0.5 голдан көп»

Оқиға Қорытынды
Бастапқы құрамда шықты және гол соқпады ұтылыс
Бастапқы құрамда шықты және гол соқты ұтыс
Басқа ойыншыны алмастыруға шықты және гол соқпады қайтару
Басқа ойыншыны алмастыруға шықты және гол соқты ұтыс


1.3.8. Матчтағы голдардың немесе ұпайлардың жалпы санына жұп немесе тақ ставкалары. Есеп 0:0 – жұп.

1.3.9. Ойыншылардың жеке көрсеткіштеріне арналған ставкалар. Егер ойыншы алаңға шықпаса (ойынға кіріспесе), онда мұндай ойыншының көрсеткіштеріне арналған ставкалар қайтарылуға тиіс. Ойынға кіріскен, бірақ оқиғаны аяқтамаған қатысушылар үшін көрсеткіштерді есептеу алып тастау (шығу) сәтіне қарай нақты нәтижесі бойынша жасалынады, және есептеу мақсаты үшін мұндай қатысушыларға қорытынды хаттамада соңғы орын беріледі. «Хет-трик болады ма» ставкалары ұтысты болып саналады, егер ойыншы үш және одан көп гол соқса. «Дубль болады ма» ставкалары ұтысты болып саналады, егер ойыншы екі және одан көп гол соқса. Ойыншылардың көрсеткіштеріне арналған ставкаларда ойыншының өз қақпасына соққан голдары оның көрсеткіштерінде ескерілмейді. Командалық нәтижелілікке жататын ставкаларда команданың өз қақпасына соққан голдары оның оппонентімен соғылғандар ретінде ескеріледі. Футболда ойыншының көрсеткіштеріне арналған ставкаларды есептеудің ерекшеліктері 2.1.6-тармақта көрсетілген.

1.3.10. Таймдардың, кезеңдердің, ширектердің және т.б. қорытындысына арналған ставкалар. Егер оқиға өткізілмеген деп танылған жағдайда, бірақ бірінші тайм (кезең және т.б.) аяқталған болса, онда бірінші таймға арналған ставкалар әдеттегі тәртіпте есептеледі, тіпті егер тұтас алғандағы оқиғаға арналған ставкалар қайтарылуға тиіс болса.

1.3.11. Сол не басқа оқиға қашан болатын уақытқа, мысалы, 1-ші голдың уақытына, 1-ші с/қағаздың уақытына және т.б. арналған ставкалар. Оқиға болатын реттік минутты табу ұсынылады. Мұндай ставкаларды есептеу үшін дәл уақыт секундтарды есепке алусыз анықталады. Мысалы, 1-ші голдың уақыты, егер бірінші гол матчтың басынан 00 мин 10 сек өткен кезде соғылса – «1-ші минут», 04 мин 10 сек – «5-ші минут», 04 мин 59 сек — «5-ші минут», 05 мин 00 сек — «6-шы минут».

1.3.12. Пайыздармен көрсетілген көрсеткіштерге (бірінші берілістің %, допқа иелік ету % және т.б.) арналған ставкалар. Есептеу үшін арифметика ережелері бойынша бүтін санға дейін дөңгелектелген көрсеткіштің мәні алынады.

1.3.13. Белгілі матчтың статистикасына арналған нәтижелер осы жарыстарды өткізіп жатқан ұйымдардың ресми сайттарынан алынады. Деректер матч аяқталғаннан кейін 10.00 мәскеулік уақытқа ескеріледі және өзгертуге жатпайды.

1.3.14.Асып кеткен лимиттер - спорттың түрінен немесе жарыстардың регламентінен негізделе отырып (сетте, партияда, және басқада) жеңіс үшін қажетті белгіленгенге қарағанда, (сеттің, партияның, және басқаның) жеңімпазымен көбірек ұпай жиналған (сеттердің, партиялардың, және басқалардың) санын болжау керек. Мысалдар: 2:1 (6:2, 3:6, 7:5) Лимит бір сетте асып кеткен, (Асып кеткен лимиттер 1) қорытындысы ойнайды; 1:3 (17:25, 25:23, 21:25, 20:25) Лимит бірде-бір сетте асып кетпеген, (Асып кеткен лимиттер 0) қорытындысы ойнайды; 2:1 (13:21, 22:20, 24:22) Лимит екі сетте асып кеткен, (Асып кеткен лимиттер 2) қорытындысы ойнайды; және т.б.

1.3.15. Тең ойынды қоспағандағы нәтиже – тең ойынды есепке алусыз командалардың біреуінің жеңісіне арналған ставка, егер матчта тең ойын белгіленген болса, онда ставка қайтарылады. Әртүрлі белгіленеді: Ж1 және Ж2 (өтеді нарығымен шатастырмау керек), Draw No Bet, Тең ойынды қоспағандағы Жеңіс, Тең ойын Ставка Жоқ және тағы басқалар. Егер ж1 немесе ж2 қоспаса, ставка қалған екі қорытындыға өтеді.